Тақырып 14.  Мемлекеттік реттеу: мәні, мақсаты, құралдары

 

          1.Экономиканы мемлекеттік реттеу: мақсаттары, қызметтері, құралдары.

2.Өтпелі экономика жағдайындағы мемлекеттік реттеулер.

3.ҚР-ғы мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері.

 

Әлемдегі соңғы жылдары болып жатқан әлеуметтік-экономикалық үлкен өзгерістер, мемлекеттің жалпы атқаратын қызметіне өзгерістер енгізді. Ол өзгерістер қазіргі экономиканың нарықтық қатынас жағдайындағы еркін кәсіпкерлік іс-әрекеттің, бәсекеңін, өзін-өзі реттеудің иәтижесінде дамуына байланысты. Сондықтан, мемлекетгің экономикаға тікелей араласуына белгілі дәрежеде шек қойылады. Мемлекеттін экономикалық қызметін төмендегі келтіріліп отырған топтарға (блоктарға) біріктіруге болады:

1. Экономикалык саясатты қалыптастыру;

2. Нарық жағдайында мемлекет мына қызметтерді өз мойынына алады: Стратегиялық, экономикалық, құрылымдық, техникалық әлеуметтік, демографиялык болжау мен жоспарлауды. Экономиканы реттеудің тікелей және жанама қызметін де атқарады;

3. Мемлекеттің   кәсіпкерлік   қызметі:   коғамға   кажет   мемлекеттік кәсіпорын (қоғамдык пен шаруашылық есептегі) мен өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдар. Олар: ядро.лық энергетика, космосты игеру, темір жол мен жалпы ұлттық автокөлік жолдары, көпір, су каналдары, газ бен мұнай құбырлары, байланыс, аурухана, мектеп т.б. объектілер.

4. Нарыктық жүйенің қалыпты қызметін қамтамасыз ету. Сатып алушы мен кәсіпкер мүдделерін қорғау, стандарт қызметін құру, тиім сапасы мен салмағын өлшеу, бәсекені қолдай отырып, нарықтық экономикада монополизмге қарсы күрес жүргізу, ол үшін белгілі қүқықтық база жасау және баға саясатын жүргізу.

5. Мемлекет  экономиканы  тұрақтандыру  саясатының  бағдарламасын жасап, оны іске асыру шараларын жүргізеді. Сонымен қатар, жұмыссыздыққа, инфляцияға қарсы шараларды іске асырады.

6. Мемлекет тұрғындарды әлеуметтік қорғау жұмыстарын іске асырады.

7. Мемлекет сыртқы экономикалық қатынастарды реттейді.

Мемлекет аталған қызметтерді реттеу үшін әртүрлі әдістер мен құралдарды қолданады.

Нарықты реттеу тәсілдері - бұл мемлекет пен кәсіпорындардың ұдайы өндіріс процесінде мақсаты бағыт беру әдісін айтамыз. Ол нарықтық механизм қызметіне қалыпты жағдайды қамтамасыз етуге әсер етеді. Реттеулін мұндай элементтері алғашқы рет бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде пайда болды. Тек екінші дүниежүзілік соғыстан соң, мемлекеттің экономиканы реттеуі өнеркәсібі дамыған елдерде жалпы құбылысқа айналды. Нарықтың құрылуы жаңа өндірістік қатынастары көшуді байқатады: халық шаруашылығын басқарудың вертикальды құрылымынан бас тарту, оны горизонтальды құрылыммен ауыстыру. Нарық мемлекетпен, кәсіпорын (фирма), тауар өндірушілермен де реттелуі мүмкін. Осыған байланысты реттеуші субъектілеріне байланысты реттсу тәсілін шартты түрде былай классификациялауға болады: мемлекеттік және мемлекеттік емес, ал нарықтық тепе-теңдікке әсер ету әдісіне қарай тікелей және жанама.

Мемлекеттің тікелей араласуы - ол, нарықтық қатынастың барлық элементтерін дамыту, үйлесімді жүргізу үшін құқықтық актілер қабылдайды. Мысалы, Салық кодексі, Азаматтық кодексі, монополияға қарсы заң т.с.с.

Мемлекеттің жанама араласуы. Реттеудің жанама тәсілі негізінен мекен-жайсыз болғанмен, бірақ барлық шаруашылық субъектілеріне міндетті болады. Олар экономикалык қызметтің жағдайы мен нәтижесіне әсер етумен байланыстырылады. Тікелей және жанама тәсілдер арасындағы шекара шартты түрде ғана. Нақты өмірде олар араласып кеткен және меншік түрі мен объектілеріне әсер етуіне байланысты жіктелген күйде, әртүрлі тармақтарда қолданылады.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                

-Фискалдық саясат. Ол мемлекеттік бюджеттен байланысты қаржыны реттеуді қамтиды. Оған мемлекеттік сатып алуды ұлғайту мен қысқарту, күрделі қаржы бағдарламасы, әлеуметтік төлемдер, бюджеттен жекелеген сала мен кәсіпорын (фирма) үшін дотация мен субсидиялар, салық шаралары жатады.

-Бюджеттік реттеу- мемлекеттік органдар мемлекеттік бюджетті әртүрлі бағыттар бойынша жұмсайды реттейді.

-Мемлекет бағдарламасы мен мемлекеттік тапсырыс арқылы реттеу. Мұнда мемлекеттік органдар бюджет қаражатының бір бөлігін әлеуметтік, ғылыми бағдарламаға бөледі де, осы арқылы фирмаларға, кәсіпорындарға белгілі бір өнім түрлерін өндіруге, әскери өнімдер мен қоғамдық транспортқа тапсырыстар береді.

-Баға арқылы реттеу

-Ақша-несие арқылы реттеу

-Әлеуметтік саясат

-Әкімшілік реттеу

-Сыртқы экономикалық қызметті реттеу. Үкіметтің сыртқы экономикалық саясаттың негізгі түрлері : протекционизм және фритредерство.

Қаржы дегеніміз коғамның ақшалай қаржы қорларын құру мен пайдалану жөніндегі экономикалық қатынастар жиынтығы. Бұл жерде ажыратып айтатын түсінік, ол, қаржы мен ақшаның айырмашылығы: қаржы - жеке тұтынушыларға қызмет етпейді, ол экономиканың дамуы мен ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз етуге бағытталған, ал ақша - жеке тұтынушыларға да қызмет етеді.

Қаржының атқаратын қызметтері:

1) Шоғырландыру - мемлекеттің экономикалық қызметін жүргізу үшін, оның материалдық негізін жасау; қаржы шоғырлану қызметін салық, займдар, ақша эмиссиялары арқылы жүргізеді. Ерекше жағдайда, дағдарыстан шығу кезінде үлттық байлықтыда пайдаланады (алтын қорының басты, өнер мүліктерін сату т. б.)

2) Бөлу - қаржы арқылы ЖҰӨ және ЖҰТ-ты әлеуметтік топтардын, қоғамдық өндіріс салаларының, материалдық және материалдық емес салалардың арасында бөледі жене кайта бөледі.

3) Реттеуші - қаражат бұл қызметін қоғамдық өндірісте микро және макроэкономикалық   прапорцияны   реттеудің   негізгі  құралы   ретінде қолданғанда   атқарады.   Сондықтан   қаражат   саясаты    мемлекеттің экономикалық саясатының негізгі бөлігіне айналады.

4) Бақылау - ақша, қаржының пайда болуын, бөлінуін және нормаларға сәйкес реттей отырып оның қозғалысын бақылайды.

Мемлекеттің қаржысы - ақша қаражатынан тұрады. Ол қаражат тұрғындардың әлеуметтік кепілдігін қамтамасыз етуде, заңдылық пен құқықты сақтауға, қорғаныс иен қоғамдық шаруашылықты басқаруға жұмсалады. Мемлекеттік қаржы құрамына: мемлекеттік бюджет, банктік және мемлекеттік несие, экономиканы тұрақтандыру қоры, зейнеткерлік, тұрғындарды жұмыспен қамту қоры, әлеуметтік және медициналық сақтандыру қоры, валюталық қор, мемлекеттік коғамдық ұйымдардың қаржысы, мемлекеттік салалық министрлік пен ведомствоның қорлары енеді.

Кәсіпорынның қаржысын (мемлекеттік, мемлекеттік емес) меншіктегі және заемдағы қаржылар, ғылым мен техника қорының ақшалай қаражаты, әлеуметтік-мәдени даму мен материалдық ынталандыру қоры, амортизациялық қор, резервті және сақтандыру қоры енеді.

Халықтың (уй шаруашыяыгыпың) қаржысы - шаруашылық, еңбек қызметгерінің (жалақы, акция дивиденті, пай жарнасы мен банк салымының проценті т.б.) негізінде, коммерциялық және халықтық банктегі сақталған қаржылардың зейнеткерлік қорды мемлекеттің іске қосуының нәтижесінде ақшалай қаражатты құрайды.

Қаржы жүйесінің негізгі буыны болып мемлекеттік бюджет табылады.

Мемлекеттік бюджет - мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары. Ол мемлекеттің шығыны мен табыстарының балансы. Мемлекеттік бюджет екі деңгейден тұрады: республикалық және жергілікті (облыстық, аудандық, селолық).

 

Бюджеттік процесс мемлекеттің кірістері мен шығыстарын теңестіреді (баланс). Бірақ қазіргі кезде барлық елдерде мемлекеттің шығыстары оның кірістеріне (табыстарына) қарағанда тез өсуде. Соның нәтижесінде бюджет тапшылығы пайда болады.

Бюджет тапшылығы барлық мемлекеттерде оның абсолютті көлемі бойынша да және ЖҰӨ-ге қатынасынан да айқын көрінеді. 1970 жылмен 1985 жылдың аралығында өнеркәсібі дамыған елдерде Ж¥Ө-ге қатынасымен есептегенде АҚШ-та - 3,8%-ға, Жапонияда - 2,2%-ға, ГФР-да - 2,6%-ға, Италияда - 6,9%-ға ескені байқалады.

Мемлекет  бюджетінін тапшылығының  кептеген себептері бар. Олардың негізгілері:

1) Экономиканың дағдарыс жағдайындағы кірістің кұлдырауы;

2) Экономиканың көлеңкелі секторынынөсуі;

3) Акция салығының азаюы;

4) Бюджет шығынының көбеюі т.б.д

Мемлекет қарызы - бұл өткен жылдардағы жиналған бюджет тапшылығының жалпы сомасы. Мемлекеттік қарыз екіге бөлінеді: ішкі және сыртқы болып.

Мемлекеттің ішкі қарызы - үкіметтің өз елінің азаматтары алдындағы қарызы.

Мемлекеттің сыртқы қарызы шет мемлекеттерге, фирмаларға, ұйымдарға карызы.

Мемлекетгік карыздың өсуіиің салдарынан табыста теңсіздікті күшейтеді, өндіріс дамуын экономикалық ынталандыру бұзылады, ел ішіндегі инвестиция қысқарады, жеке инвесторларды ығыстырады т.б.

Салық – жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттің жүргізіп отырған заңның негізінде міндетті түрде төленетін төлемдер.

Салық экономикалық категория ретінде мемлекеттің табысы (бюджеттің кіріспелігі) материалдық категория ретінде белгілі бір ақша сомасы, заңгерлік категория ретінде заң.

Салық жүйесі – ол салықтардың оның әдістерінің құрылу принциптерінің жүйесі.

 

Сұрақтар:

1.Экономиканы мемлекеттік реттеу.

2.Экономиканы мемлекеттік реттеу қызметтері.

3.Мемлекеттік реттеудің құралдары.

 

Әдебиеттер:

1.       Экономикалық теория негіздері: Оқулық / Я.Ә. Әубәкіров және т.б. Алматы «Санат» 1998 ж.

2.       Борисов Е.Ф., Волков Ф.М. Основы экономической теории: Учебное пособие для сред.спец.учеб.завед. – М.: Высш.шк., 1994.

3.       Амбарцумов А., Стерликов Ф. Экономическая теория Economics в вопросах и ответах. – Киров: Вятка. – Ч.1. – 1994.

4.       Мәдешев Б. Нарықтық экономика теориясына кіріспе: Оқу құралы. Алматы: Экономика, 1995.